Loading...
соңғы жаңалықтар
жаңалықтар

29қараша күні “Заманауи Қазақстан Елбасының көшбасшылық сабақтары” жалпы Республикалық ашық сабақ Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылды

views
0

Колледжде 29қараша күні “Заманауи Қазақстан Елбасының көшбасшылық сабақтары” жалпы Р еспубликалық ашық сабақ Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылды. Ашық сабақтың мақсаты-ұлт көшбасшысының ерен еңбегін насихаттау, жастардың бойындағы патриоттық сезімін арттыру және олардың тұлғалық өсуіне қажетті дағдыларды, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағыттау. Бірыңғай сабаққа арнайы спикер ретінде жеке кәсіпкер Түймеш Базарқызы Абдуллаева қатысты. ҚР әнұранымен басталған сабақты ТЖО Б. Шанкенова жүргізіп отырды. Сабақ барысында Елбасы туралы презентация және бейнеролик көрсетілді. Спикер ретінде қатысушы кәсіпкер Түймеш Базарқызы еліміздің дамуы, жетістіктер, ұлтаралық татулық, халықаралық қарым- қатынас, Елбасының көшбасшылық қасиеттері мен жетістіктері туралы баяндады. Сондай- ақ спикер кәсібін дамытудағы қиындықтар, өзінің жетістікке жету жолдары, білімнің жастардың болашағындағы рөлі және еліміздегі кәсіпкерлікті дамытудағы Елбасының қамқорлығы, жастарға берілген мүмкіндіктер мен жобалар жөнінде кеңінен айтып өтті. Колледж басшысы Берік Болатұлы өз сөзіңде Н. Ә. Назарбаевтың сындарлы саясаты арқасындағы еліміздегі тыныштық, тұрақты даму, жастар үшін іске асып келе жатқан жобалар туралы айтып, Түймеш Базарқызына сабаққа қатысқаны үшін ұжым атынан ризашылығын білдірді. Бірыңғай сабақ өз дәрежесінде, мақсатына жете өткізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған