Loading...

internal rule

views
2

Колледж ережесі

Ішкі тәртіп ережелері

1.ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР

1.1. Осы ішкі тәртіп Ережелері Қазақстан Республикасының білім туралы заңдылықтары және колледж Жарғысы негізінде әзірленіп, ішкі тәртіп Ережелерінің негізгі мақсаты көлік және коммуникация колледжі мен жатақханадағы еңбек және құқықтық қарым-қатынастарды реттеу, еңбек және оқу кестесінің құрылуы, еңбек және оқу тәртібін нығайту, оқу үрдісінің ұйымдастырылуын жақсарту және еңбек пен оқу уақытын тиімді қолдану болып табылады.
1.2. Колледждің еңбек және оқу тәртібін оқытушылар құрамының, қызметкерлердің, жұмысшылардың, оқушылардың жауапкершілікпен орындауы, олардың тиімді еңбектері мен сапалы оқуларының негізгі шарты болып табылады.
1.3. Колледждің барлық жұмысшылары мен білім алушылары Ережелерді орындауға міндетті.
1.4. Колледж ТЖКБ МЖМС негізінде белгіленген мерзімдермен сәйкес, мамандықтарға сай, Астана қаласындағы және жалпы Қазақстандағы мекемелер мен өндірістерге арнап жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.
1.5. Колледжде өткізу жүйесі орнатылған. Оқу ғимаратына оқытушылар өткізу қағаздары, ал оқушылар студенттік билетпен және жатақханаға өткізу қағазы бойынша жіберіледі.
1.6. Оқу жылы 1 – қыркүйектен басталады.
1.7.  Сабақтың басталуы -сағат 9.00-де
             
Сабақтың алдында қоңырау екі рет соғылады, біріншісі сабақ басталардан 2 минут бұрын оқушылар үшін ескертпе қоңырауы және екіншісі оқытушылар үшін соғылатын қоңырау.
1.8. Бір сабақтың ұзақтығы оқу орындары мен ұйымдарының бекітілген нормативтерімен және оқу ұйымдарында қолданылатын оқу технологияларына сәйкес.
1.9. Оқытушылар мен оқушылар сабаққа дайындалу және аудиторияны сабаққа даярлау үшін 15 минут бұрын келеді.
1.10. Оқу үрдісі оқу кестесі үрдісінің негізінде іске асады.
1.11. Білім алушыларды колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз колледж аумағынан тыс жерге алып кетуге тыйым салынады.
1.12. Оқу ғимаратындағы жалпы тәртіпке кезекші әкімшілік өкілі, шаруашылық қызметі және кезекші топ жауап береді.
1.13. Колледжде болған уақытында әр білім алушы өз киімі және жеке мүлкі үшін жауапкершілікті өзіне алады.
1.14. Колледжге спирттік ішімдік ішіп келген жағдайда оқытушылар жұмыстан шығарылады, ал оқушылар оқудан шығарылады.
1.15. Студенттік билеті мен сынақ кітапшасын жоғалтқан жағдайда оқушы өз есебінен орнына келтіреді.
1.16. Колледж территориясында шылым шегуге, түкіруге, қоқыстауға және басқа да құқыққа қарсы нәрселер жасауға қатаң тыйым салынады. Ондай іс-әрекеттер болған жағдайда тәртіп бұзушыға тәртіптілік шаралары қолданылады немесе қызметкерлер жұмыстан, ал білім алушылар оқудан шығарылады. Қазақстан Республикасы заңдылықтарын бұзған уақытта немесе тұлғаға қарсы бағытталған қарсылық іс-әрекеттер байқалған жағдайда және колледжге шығын әкелер болса, қызметкерлер жұмыстан шығарылады, ал оқушылар қайта қабылданусыз оқудан шығарылады.
1.17. Колледжде және жатақханада діни киімдер киюге және сиынатын бөлмелер мен діни қатынастар жасауға тыйым салынады.
1.18. Колледж мүлкін құртқан жағдайда кінәлі оны бастапқы күйдегідей орнына келтіреді немесе нарықтық бағасын төлейді. Кінәлі анықталмаған жағдайда, жауапкершілікті кезекші топтың жетекшісі және кабинет жетекшісі көтереді.
1.19. Гардероб нөмірі жоғалған жағдайда, оқушы оның нарықтық бағасын төлейді.
1.20. Колледждегі немесе жатақханадағы мүлікті тартып алушылық, тәртіп бұзушылық, төбелес жағдайлары орын алған жағдайда, білім алушылар оқудан шығарылады.
1.21. Колледж оқытушылары мен оқушылары кезекші оқытушының, кезекші топтың және колледждің қауіпсіздік қызметі жұмыскерлерінің талаптарын орындауға міндетті.
1.22. Кезекші топтар кезекшілікті дүйсенбі күні топ жетекшілерінің және оқу ғимаратының коменданты қатысуымен бір-біріне өткізіп, қабылдап алулары керек.
1.23. Колледж қабырғасында, оқу ғимаратында және жатақханада оқытушыларға, жұмысшыларға және оқушыларға саяси партиялар мен басқа қоғамдық саяси ұйымдардың бағдарламаларын, жарғылық талаптары мен ұстанымдары бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргізуге тыйым салынады.
1.24. Колледждің оқытушылары, жұмысшылары және білім алушылары осы берілген Ережелермен міндетті түрде танысулары керек.

  1. ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ ЖҰМЫСҚА АЛУ ЖӘНЕ ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ

2.1 Жұмысқа қабылдау кезінде әкімшілік мынадай талаптарды қоюға құқылы:
• жеке басының куәлігі мен төлқұжаты;
• мекендеу қағазы немесе азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі (шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаға, Қазақстан Республикасының аумағында үнемі тұратындарға);
• арнайы білімді, дағдыны талап ететін еңбек шартын жасасу үшін кәсіптік дайындығы мен арнайы біліктілігін растайтын құжаттар, білім туралы құжаты
• еңбек кітапшасы (еңбек өтілі бар тұлға үшін);
• әскери есептік құжаты (әскери міндетті және әскери қызметке шақыртылатын тұлғалар);
• медициналық тексерістен өткендігін куәландыратын құжаты;
• салық төлеушінің тіркеу нөмірі және әлеуметтік жеке кодының куәлігінің көшірмесі;
2.2 Жұмысқа қабылданушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен анықталған мерзімге сай еңбек келісімін жасайды.
2.3 Жұмысқа алынар кезде әкімшілік мынадай құқықтарға ие:
• жұмысқа алынар кезде жұмысшының кәсіптік жарамдылығын тексеру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 36 бабының 1-тармағына сәйкес, 3 айдан көп емес мерзімге сынақ өткізуге;
2.4 Еңбек келісім шарты жазбаша түрде екі данадан кем емес болуы керек және оған тараптар қол қояды. Еңбек келісім шартының бір данасы жұмыс берушіде және бір данасы жұмысшыда сақталады. Жұмысшының Еңбек келісім шартының бір данасын алғанын жазбаша түрде растайды.
2.5 Жұмысқа қабылдану Еңбек келісім шартының негізінде директор бұйрығымен ресімделеді және жұмысшыға қол қоюы арқылы жария етіледі.
       Жұмысқа қабылдау кезінде әкімшілік:
2.6 Колледж Жарғысымен және ішкі тәртіп Ережелерімен таныстырады;
2.7 Техникалық қауіпсіздік, өндірістік тазалық, өрт қауіпсіздігі және еңбек қорғаудың басқа да ережелерімен нұсқаулық жүргізеді.
2.8 Жұмысқа алғаш қабылданып, 5 күннен артық жұмыс істеушіге енгізілген заңдылық негізінде еңбек кітапшасы арналады. Сағаттық төлем шарты бойынша жұмыс істеушіге, егер бұл жұмысы негізгі жұмыс болса, еңбек кітапшасы ашылады.
2.9 Еңбек келісім-шартына өзгертілу мен толықтырулар енгізілген жағдайда, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстырылуы тараптармен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 32 бап 1-тармағымен қарастырылған тәртіп негізінде, жазбаша түрде іске асады.
2.10 Еңбек келісімінің тоқтатылуы қарастырылған заңдылық негізінде және келісім шартта көрсетілген негіз бойынша орындалады.
2.11 Еңбек келісімінің тоқтатылуы колледж директорының бұйрығымен ресімделеді. Жұмысшының жұмыстан шыққан күнінде (жұмысының соңғы күні жұмыстан шыққан күні болып есептеледі), оған жұмыстан шыққаны туралы жазуы бар еңбек кітапшасы тапсырылады және есеп айырылысу жүргізіледі. Еңбек кітапшасындағы жұмыстан шығуының себебі туралы жазу заңдылық негізінде, заңдағы баптарға сүйене отырып жүргізілуі тиіс.

3 . ОҚЫТУШЫЛАР МЕН ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

3.1 Колледж оқытушылары мен жұмысшылары:
       – колледж Жарғысы және директор бұйрығын, еңбек, ұжымдық келісім шарттарға сәйкес еңбек міндеттерін орындауға;
       – еңбек тәртібін сақтау;
       – еңбек қорғау, өндірістік тазалық, өрт қауіпсіздігін және технологиялық тәртіп талаптарын қатал түрде орындауға;
       – колледж мүлігіне және жұмысшыларына, сонымен қатар адамдардың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп туралы дер мезгілінде хабарлауға;
       – қызметтік, коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын өзіне белгілі деректерді жария етпеуге;
       – ішкі тәртіп Ережелерін шынайы және дұрыс орындауға;
       – аудитория мен қызметтік бөлмелерінің кілттері оқытушыларға тек вахтермен журналға тізімделіп қана беріледі (кілтті вахтерге оқытушылардың өздері өткізуге міндетті). Оқушыларға кілт беруге тыйым салынады. Аудиториялар мен оқу бөлмелерінің кілттерінің 2 –ауысымдағы соңғы сабақтан кейін өткізілу жауапкершілігін оқытушылар көтереді. Егер оқу бөлмесінде соңғы сабақтар болмай, бірақ есік жабылмай қалса, шам сөндірілмеген жағдайда, 2-ауысымның кезекші оқытушысы немесе вахтер жауапкершілікті көтереді.
       – лауазымдық міндеттерін өз уақытында және сапалы түрде орындау;
       – оқу-ғылыми және өндірістік жабдықтарды, аппаратураларды, материалдарды, кітап қорын, мүліктерді сақтау және тиімді қолдануға;
       – өз кәсіптік біліктілігін үнемі жүйелі түрде көтеруге;
       – жұмыс орнын тазалықта және тәртіпте ұстауға;
       – белгіленген заңдылық аясында жұмыс берушіге келтірілген залалды орнына келтіруге міндетті.
       3.2 Әр жұмысшының міндеттері еңбек келісімімен, лауазымдық нұсқаулықпен және колледж ережесімен анықталады.
       3.3 Қызметкерлер директордың нұсқаулықтарын және колледждегі педагогикалық кеңес шешімдерін орындауға міндетті.
       – колледжде өткізілетін іс-шараларға және циклдық комиссияның оқу-әдістемелік жұмыстарына қатысуға;
       – жұмыс барысында колледжге мүліктік зиян тигізбеу;
       – өзара ауыстыруды қолдану мақсатында бағыттас жұмыстарды орындауға;
       – оқу және тәрбие үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге (лауазымдық нұсқаулық негізінде);
       – кадрлар бөліміне медициналық байқаудан өткені туралы анықтаманы уақытылы өткізуі керек. Медициналық байқаудан өтпегендер жұмысқа жіберілмейді.
       – педагогикалық әдеп нормаларын сақтауға;
       – оқушылар мәртебесін құрметтеуге;
       – салауатты өмір салтын сақтау және оны уағыздауға;
       – оқушылардың жеке және шығармашылық қабілеттерін анықтау және қолдау көрсету; ОКОО бағдарламалары және оқу жоспарлары қарастырған білім, білік дағдыларын оқушылардың меңгеруін қамтамасыз етуге; оқушының сабақты қалдырған күні, кабинеттегі кезекшілігі негізінде, сол айда өтелуі тиіс.
       3.4 Топтың жетекшісі оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуын, қалған уақытын өтеуін, колледждің және жатақхананың ішкі тәртіп Ережелерінің орындалуын қадағалап бақылайды /оқу тобының Ережесі негізінде/.
       3.5 Оқу тобының жетекшісі және оқу кабинетінің меңгерушісі бекітілген аудиторияның тазалық жағдайына және мүліктерінің сақталуына бақылау жасайды. Тазалық жағдайының жалпы бақылауын кезекші топ және корпус коменданты жүргізеді.
       3.6 Өз міндеттерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған жұмысшылар Қазақстан Республикасының Заңнамалары және берілген Ережелердің, колледж Жарғысының негізінде жауап береді.

  1. ӘКІМШІЛІКТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

4.1 college administration:
       – Қазақстан Республикасы еңбек заңдылығы талаптарын, келісімдерді, ұжымдық, еңбек шарттарын, олар бойынша шығарылған актілерді сақтауға;
       – оқу және еңбек тәртібін нығайтуға;
       – оқытушылар құрамы мен колледждің басқа қызметкерлерінің еңбегінің ұйымдастырылуы, олардың лауазымдары мен біліктілігі бойынша тиімді жұмыс істеуіне;
       – жұмысшыларға уақытылы тапсырма беруге, оқытушылар мен білім алушыларға оқу сабақтарының кестесін хабарлауға, оларға қажетті заттардың барлығымен қамтамасыз етуге (жабдықтар, техникалық құралдар);
       – еңбектің, оқудың және тұрмыстың денсаулыққа қауіпсіз шарттарын қамтамасыз етуге;
       – жұмысшылардың, оқытушылардың техникалық қауіпсіздігін, өндірістік тазалық пен өрт қауіпсіздігін сақтауларын үнемі бақылауға алулары;
       – заңдылық қарастырған әлеуметтік жеңілдіктерді жұмыскерлерге ұсынуға;
       – ұжымдық келісімдерді жүргізу, ұжымдық келісім шарттарды жасауға, сонымен қатар олардың орындалуын бақылау мақсатында жұмысшылардың өкілдеріне толық және анықталған ақпараттарды беруге;
       – Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілері, еңбек, ұжымдық келісім шарттар, директордың бұйрығы негізінде жұмысшылардың еңбек ақысын және басқа төлемдерді өз уақытында және толық беруге;
       – колледж жұмысшыларының біліктілігін көтеруге;
       – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша қызметкерлердің еңбектегі табыстары үшін материалдық түрде марапаттау, мадақтау, тәртіп жазасына және материалдық жауапкершілік тәртіпке тартуға міндетті.
       4.2 Аптаның белгіленген күндері қызметкерлер мен оқушыларды жеке сұрақтары бойынша қабылдауға міндетті.

  1. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

     5.1 Колледжде қызметкерлер мен әкімшілік үшін 6 күндік жұмыс уақыты қарастырылған:
       – жұмыс күні 9.00-ден 17.00-ге дейін
       – түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін
       – сенбі күні 9.00-ден 14.00-ге дейін (үзіліссіз).
     5.2 Оқытушылар құрамы үшін 7 сағаттық жұмыс күні, сенбі күні 5 сағаттық жұмыс күні орнатылған. Жұмыс мерзімінде оқытушылар оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының барлық түрлерімен айналысулары керек:
       – Оқу сабақтары кестесінің, жеке жоспарларының, оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарының орындалуын бақылау
       – Оқу топтарындағы өткізілетін сабақтары мен оқу жүктемесін қосқанда, штаттағы колледж оқытушылары жұмыс орындарында күнделікті сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін болулары керек.
       5.3 Оқу-көмектесушілік және әкімшілік-шаруашылық қызметшілердің жұмыс уақыты аптасына 40 сағатқа созылады.
       5.4 Оқытушылар құрамының, жұмысшылардың және қызметкерлердің қосалқы жұмыс атқарулары негізгі жұмыстан бос уақытында өтуі керек.
       5.5 Жұмысшылдардың басқа топтарына, директор орынбасарларына, бөлім меңгерушілеріне, кадр бөлімінің меңгерушісіне, коменданттар мен жатақхана тәрбиешілеріне жұмыстың басталуы мен аяқталуының басқа мерзімі орнатылуы немесе нормадан тыс жұмыс уақыты орнатылуы мүмкін.
       5.6 Кадр бөлімінің меңгерушісі, коменданттар мен оқу бөлімінің инспекторы жұмысшылардың жұмысқа келулері мен кетулерінің есебін күнделікті жүргізіп, айдың соңында оқу уақытының есебінің табелін колледж бухгалтериясына өткізулері керек.
       5.7 Колледж жұмысшыларының еңбек демалысы кестелері күнтізбелік жылға құрылып, жұмысшылардың барлығына хабарлануы керек. Оқытушылар құрамына еңбек демалысы жазғы демалыс уақытында беріледі.
       5.8 Колледжде екі айда бір рет өткізілетін негізгі іс-шаралар:
       – педагогикалық кеңес;
       – қажеттілігіне байланысты кіші педагогикалық кеңестер;
       – айдың төртінші аптасының сейсенбісінде топ басшыларының отырысы;
       – әдістемелік кеңес, циклдық комиссия отырыстары айдың 4 – аптасында ҚБАК отырысы;
       – әр дүйсенбі сайын директор орынбасарларының директордағы өндірістік кеңесі
       – әр аптаның бейсенбі күні директор орынбасарларының бөлім меңгерушілерімен отырыстары;
       – әр жұма сайын оқу топтарында сынып сағаттары;
       – әр аптаның бейсенбі күні сайын топ жетекшілері мен бөлім меңгерушілерінің отырыстары;
       – әр жұма сайын дәрісханалардың және қосымша аймақтардың кеңейтілген тазалығының ұйымдастырылуы;
       – әр сенбі сайын колледж төңірегінде сенбіліктер мен тазалау жұмыстары ұйымдастырылады;
       – ата-аналар жиналысы семестр нәтижелері бойынша өткізіледі;
       – екі айда бір рет топ жетекшілерінің ӘБ отырысы өткізіледі.

Ішкі тәртіп ережелерін орындау колледж студенттеріне міндетті болып табылады.

6 .Жалпы ереже

6.1. Осы Ереже Колледжде студенттер қызметтерінің ішкі тәртіптерін анықтайтын негізгі нормативті акт болып табылады;

6.2. Студенттер (Колледжге директор бұйрығымен оқуға түскендер) оқу жоспарларына және білім беру бағдарламаларында қарастырылған, білім алуға қатысты барлық тапсырмаларды бекітілген уақытта орындауға міндетті;

6.3. Оқу тәртібі Колледж әкімшілігінің тарапынан сендіру, тәрбиелеу, сондай-ақ адал еңбегі мен білімі үшін мадақтау әдістері арқылы оқу міндеттерін сапалы орындау, қалыпты жоғары өндірістік жұмыстар үшін қажетті ұйымдық және экономикалық шарттардың құрылуын қамтамассыздандырады;

6.4. Ішкі тәртіп Ережелерін қолдануға қатысты мәселелерді Колледж әкімшілігі өзіне берілген құқықтар шегінде, ал Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдар аясында ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген жағдайда – Колледждің Студенттік парламенті және студенттердің кәсіподақ комитетімен келісе отырып немесе бірігіп шешеді.

6.5. Колледж студенттерінің ішкі тәртіп ережелері және оларға қосылатын барлық өзгерістер мен қосымшалар әкімшілік ұсынысы бойынша Колледждің білім алушылары өкілінің қатысуымен педагогикалық Кеңесте қолданылады және директордың бұйрыққа қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.

6.6. Студенттер қызметінің Ішкі тәртіп ережелерінің тексті Колледждегі хабарландыру тақтасына ілінеді.

  1. Студенттердің негізгі құқықтары

Колледж студенті төмендегі құқықтарға ие:

7.1. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;

7.2. білім беру гранты бойынша және келісім шарт негізінде білім алуға;

7.3. орнатылған көлемде стипендия алуға (мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын тұлғаларға арналған);

7.4. ғылым, техника және мәдениеттің қазіргі заманға сай даму деңгейіне сәйкес білім алуға;

7.5.өзінің жетістіктерін, еркін ұжданын, өзінің еркін ойы мен сенімділігін құрметтеттіре білуге;

7.6. колледж қызметінің маңызды мәселелерін, студенттердің қоғамдық ұйымы мен қатар колледжді басқару органдары арқылы талқылап және шешуге қатысуға;

7.7. колледждегі кітапхана, ақпараттық қорларды, оқу, зертханалық бөлімшелер қызметтерін тегін пайдалануға;

7.8. барлық мәдени жобалар түрлеріне, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференцияларға, мәжілістерге, байқауларға, фестивальдарға, өз жетістіктерін публикациялауға, пәндік үйірмелерге қатысу мүмкіндігін алуға;

7.9. конференцияларға, Колледждің құрылымдық бөлімшелерімен ұйымдастырылатын барлық байқауларға, көркем өнерпаздар үйірмесіне, спорт секцияларының жұмысына, жарыстарға, денсаулық күніне арналған және басқа да іс шараларға қатысуға;

7.10. оқытылатын пәндер бойынша оқытушылардан кеңес алуға, оқытудың сапасы мен әдістері туралы ойын жеткізуге, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар білдіруге;

7.11. сабақ барысындағы ерекше жетістіктері үшін және Колледждегі оқу және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін моральды және материалдық жағынан мадақталуға;

7.12. Колледж оқытушылары ұсынған факультативты курстарды таңдауға;

7.13. Колледждегі жастар ісі жөніндегі комитетке сайлануға;

  1. Студенттердің негізгі міндеттері

Колледж студенттерінің міндеттері:

8.1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында бекітілген

міндеттерді орындауға;

8.2. Колледж Жарғысын, студенттер қызметтерінің ішкі тәртіп ережелерін ұстануға, педагогикалық Кеңес шешімін, директордың, директор орынбасарларының оқу, мәдени, олардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қатысты бұйрықтар мен өкімдерді орындауға;

8.3. Колледждің барлық формаларындағы студенттер таңдаған мамандықтары бойынша теоретикалық білімді және практикалық дағдыларды білуге, бекітілген мерзімде тапсырмалардың барлық түрлерін орындауға, барлық емтихандар мен сынақтарды бекітілген мерзімде оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес тапсыруға (емтихандық сессия);

8.4. Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес, оқу сабақтарына қатысуға және оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған барлық тапсырмалар түрлерін бекітілген мерзімде орындауға, қарыздарды уақытылы жоюға;

8.5. Колледж директорымен бекітілген осы ережеде қарастырылатын ереже мен нұсқаулықтарға сәйкес еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өрт қауіпсіздігінің қорғанысы жөніндегі талаптарды ұстануға;

8.6. Колледж мүлігін сақтауға, жабдықтар мен техникаларды нәтижелі пайдалануға, internet желісіндегі жұмыстарға арналған ресурстарды тек оқу және ғылыми-әдістемелік мақсаттарда пайдалануға, студенттер пайдаланымына берілген бұйымдарды күтіп ұстауға, энергия, су мен басқа да ресурстарды үнемдеп шығындауға;

8.7. адам жетістіктерін және білім алушылар мен оқытушылардың ойын құрметтеуге, басқа тұлғалар ойына құрметпен қарауға, ал басқа анти қоғамдық көріністерге сылқым қарауға;

8.8. Колледждің оқу корпусында жүрген кезде өзін лайықты үстауға, басқа студенттердің өз міндеттерін орындауға зиян келтіретін істерден алшақ болуға, жалпы адамгершілік және этикалық нормаларды ұстануға, Колледждің іскерлік беделін құрметтеуге-қорғауға;

8.9. тәртіпті және ұйымшыл болуға, Колледждің барлық оқу және басқа да жерлерінде тазалық пен тәртіпті сақтауға, Колледждің оқу корпусы мекемесінде оқу және қосалқы жинау жөніндегі іс-шараларға қатысуға;

8.10. тәртіпті және ұқыпты болуға, college, көшеде, қоғамдық орындарда және үйде өзін лайықты етіп ұстауға;

Ер балалар қысқа қиылған шашпен және таза қырынған болу керек, ал қыз балалардың шаштары ұқыпты жиналып жүру керек;

8.11. қоқан-лоқы көрсетіп, құқық бұзып, төбелескені үшін студент Колледждің студенттер қатарынан шығарылады;

Дене тәрбиесінің сабақтарында әкімшілікпен бекітілген спорт киімдерімен жүру керек.

8.12. аудиторияларға кірген оқытушылар мен әкімшілік өкілдерін орындарынан тұрып қарсы алуға;

8.13. сабақ барысында оқытушының айтқаны мен оқушылардың жауаптарын тиянақты тыңдауға, сөйлемеуге, басқа заттармен шұғылданбауға, оқытушының барлық тапсырмаларын орындауға, сұрақтарды қою немесе оларға жауап беру кезінде оқытушының рұқсатымен орындарынан тұрып отыруға, аудиториялардан сабақ барысында шығып немесе кіру оқытушының рұқсаты арқылы ғана жүзеге асырылады;

8.14. зертханалардакабинеттерде, сабақ өткізу барысында және оқу өндірістік практиканың өту кезінде тек қана сабақ басшысы көрсеткен аспаптармен және құралдарды пайдалануға, оларды ұқыптап ұстауға және қауіпсіздік техникасын сақтауға, суретке, ұялы телефондарға суретке және бейне түсірілімге түсіруге тиым салынады;

8.15. ауырып қалған жағдайда және басқа да себепсіз сабақтарға келмеген жағдайда топ старостасын, топ жетекшісін немесе бөлім меңгерушісіне хабарласуға. Егер студент сабаққа қатыспағаны жайлы бөлім меңгерушісін, топ жетекшісін және топ старостасын ескертпесе ол себепсіз қалған деп есептеледі. Ауырып қалған жағдайда студент амбулаториялық, емдік мекемелер немесе Колледж медпунктінің бекітілген формадағы анықтамасын ұсыну керек;

8.16. әрбір топта директор бұйрығымен бекітілген көптеген үлгерімі жақсы, тәртіпті студенттердің ішінен топ старостасы тағайындалады;

8.17. топ старостасының міндеттеріне топта тәртіп ұстанымдары, топ студенттерінің арасында оқулықтардың уақытылы алынып және таратылуы, бөлім меңгерушісіне қажетті құжаттардың уақытылы тапсырылуы кіреді;

8.18. топ старостасы тікелей топ жетекшісіне, бөлім меңгерушісіне, директордың орынбасарларына, студенттік парламент өкіліне бағынады және олардың барлық айтылған және хат түрінде берілген тапсырмаларын орындайды және оларды өз тобына хабарлайды;

8.19. студенттердің Колледжге кірулері QR-codын пайдалану арқылы турникет бойынша немесе вахтада студенттің бекітілген үлгідегі студенттік билетін көрсету арқылы жүзеге асырылады;

  1. 9. Колледж ғимаратында төмендегілерді жасауға тиым салынды

9.1. қатты сөйлеуге, шулауға, музыка тыңдауға, дөрекі сөйлеуге, сабақ барысында коридорларда жүруге;

9.2. дене жарақаттарын келтіруге немесе байбалам салуға, бір-біріне жаман қатынас құрып бірін-бірі балағаттауға, басқалардың мүліктерін ұрлауға, басқаларды және Колледждің жеке мүліктерін әдейі бұзып, агрессиялық немесе бұзақы қылықтар (актілері, сондай-ақ құқыққа қарсы қылықтар) көрсетуге;

9.3. мекемеде, аймақта, аулада, оқу корпусының кіре берісінде темекі шегуге, түкіруге, шашуға;

9.4. спирт сусындарын, уландыратын немесе есірткілік мастандыратын құралдарды пайдалануға;

9.5. қару-жарақты, атылғыш заттарды, газ балондарын алып келуге, таратуға, жарылысқа немесе өртке әкеліп соғатын барлық құралдармен бүйымдарды пайдалануға;

9.6. қарым-қатынас шешу кезінде күш пайдалануға, ортадағыларға қауіп төндіретін істер жасауға;

9.7. шемішкелер мен құмарлық ойындар пайдалануға;

9.8. сабақтан және аудиториядан тыс іс-шаралар басырысында қосылып тұрған ұялы телефондарды пайдалануға, құлақшын тығып және сағыз шайнауға, ұялы телефондарды және басқа да жеке техникаларды Колледждің электр желілерінде зарядтауға;

9.9. жарқын косметиканы пайдалануға, сәндік бұйымдарды көп мөлшерлерде және оларды ұзын етіп тағуға;

9.10. Колледждің локальдық желілерінде және интернет желілерінде зиянды бағдарламалық қамтамассыздықты таратуға;

9.11. қабырғаларға, аудитория үстелдеріне және басқа да орындарда қандайда бір жазу материалдарын жабыстыруға;

9.12. қоғамдық тәртіппен регламентті бұза отырып саяси және рухани сипаттағы іс-шараларды өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы тіркелмеген ұйымдардың атрибутикаларын пайдалануға және ойларын насихаттаға;

9.13. коридорлар мен сатыларда жүгіруге, басқа студенттерді итеруге, бір-біріне неше түрлі бүйымдар лақтыруға.

9.14. діни киімдер киюге, ғибадатханалар ашуға және Колледжде діни атрибуттар пайдалануға;

9.15. Колледжге шолақ шалбар, майка, сланцы киіп келуге, спорт киімдерін дене тәрбиесі сабағында немесе спорттық іс-шараларда ғана киюге;

9.16. оқу аудиториясына сырт киімдерімен кіруге болмайды (пәлте, куртеше, плащ, бас киімдер және т.б.);

9.17. сабақ барысында тамақ және сусын ішуге;

9.18. сабақ барысын бұзуға, аудиторияға оқытушының рұқсатысыз кіріп шығуға;

9.19. өшпенділік, ұлттық және діни өшпенділіктерді қоздыруға жолданған іс-қимылдарды жібермеуге, ұлттық абыройды түсірмеуге;

9.20. Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз Колледждің түрлі құралдары мен басқа да бұйымдарын шығаруға;

9.21. студент өзінің академиялық шыншылдығын түсірмей ұстау керек:

а) академиялық жұмыстарды орындау кезінде, аралық және қорытынды аттестация барысында өзіне немесе өзгеге көмектесу мақсатымен ақпараттарды заңсыз алу немесе шпаргалка пайдалану, көшіру;

б) біреулердің жетістіктерімен немесе шешімдерін өз ойының нәтижесі ретінде етіп бастыруға, ұрлап немесе тапсыруға;

в) құжаттарды, мәліметтерді, қолдан жасауға немесе көшіруге (оқу журналдарын, үлгерім кітапшаларын, студенттік билеттерді), сақталған ақпараттардың көшірмелерін жасауға, өзгертуге және басқа түрде қолдануға (сондай-ақ компьютерлік);

10.Оқу тәртібі, оқу уақыты және оны пайдалану

10.1. оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. 2 семестрден тұрады және берілген білім беруші-кәсіби бағдарлама бойынша оқу жоспарына сәйкес аяқталады;

10..2. Колледждегі оқу процессі оқу жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес (дүйсенбіден сенбіге дейін) аптасына алты күн бойы жүзеге асырылады.

Демалыс немесе мейрам күндеріндегі оқу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кей жағдайларда ғана болады;

10.3. сабақ кестесін директордың оқу ісі жөніндегі және өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары бекітеді және ол бекітілген орынға ілінеді;

10.4. барлық оқу және оларға қатысты орындарға сабақ басталғаннан кейін қалыпты оқу сабақтарын жүргізу үшін тыныштық пен тәртіп қамтамассыздандырылу керек;

10.5. сабақ басталғаннан кейін аудиториялардан студенттердің шығып кірулері оқытушының рұқсатымен ғана жасалады;

10.6. әрбір академиялық топта студенттердің үлгерімін есепке алу журналы орнатылған формада жасалады, күн сайын сабақ басталғаннан кейін топ старостасы сабаққа қатысушылар мен келмегендерді белгілейді;

10.7. себепті жағдайлармен сабаққа келмеген жағдайда студент келесі күні топ старостасын, топ жетекшісін және бөлім меңгерушісін хабардар ету керек және сабаққа келген күні ақтаушы сипаттағы мәліметтерді сақтайтын орнатылған үлгідегі құжатты және қатыспаған себебі туралы мәліметтерді ұсынады (анықтама, хаттар, телеграммалар және т.б.);

10.8. қатыспаған сабақтарды студент директор орынбасарымен бекітілген кестеге сәйкес өтейді. Қатыспаған сабақтарды студент мониторинг орталығында кезекші оқытушымен сабақтан тыс өтейді;

11.Оқудағы жетістіктері үшін мадақтау

11.1. оқудағы және Колледждің қоғамдық, мәдени және ғылыми өміріне белсене қатысқаны үшін студенттерге төмендегі моральды және материалды мадақтау формалары орнатылады:

а)алғыс жариялау;

б)Колледждің құрмет граммотасымен наградттау;

в)басқа да мадақтау шаралары;

Мадақтау Колледж директорының бұйрығымен жарияланады, барлық ұжымдарға мәліметтенеді және студенттің жеке ісінде сақталады;

12.Оқу тәртібін бұзғаны үшін қойылатын жауапкершілік

11.1. Колледж Жарғысында, Ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген оқу жоспарларын орындамағаны, бұзғаны үшін төмендегі тәртіп ықпалынсыз келесі шаралар қолданады:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) колледжден шығару;

11.2. студенттерге төмендегі жағдайлар кезінде тәртіптік шаралар қолданылады:

а)осы ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген міндеттерді бір рет немесе жүйелі орындамаған кезде;

б)оқу орнын тағайындаусыз пайдаланғаны үшін;

в)оқу орнына зиян келтіргеніүшін;

г)есірткі заттарды сақтаған, таратқан жағдайда;

д)Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген басқа да жағдайларда;

е)студентке ешбір себепсіз сабақтарға қатыспағаныүшін:

  • 36 сағатқаескерту жарияланады;
  • 72 сағатқасөгіс жарияланады;
  • 108 сағатқаколледжден шығарылады.

11.3.тәртіп шараларын қолдану Колледж директорының бұйрығымен ресмилендіріледі;

11.4. құжаттарға суық қарағандары үшін (студенттік билетті, сынақ кітапшасын және т.б. жоғалтқаны үшін) студенттерге тәртіптік жаза қолданылады. Құжатты жоғалтқан жағдайда оның көшірмесі студенттің Колледждегі оқу мерзіміне бір рет беріледі.Жоғалған студенттік билетті және сынақ кітапшасын студент өз қаржысына қалпына келтіреді;

11.5. студентке Колледж Жарғысын бұзғаны үшін қолданылатын жаза, алдын-ала Колледждің жастар ісі жөніндегі комитетпен келісіледі. Академиялық үлгермеушілігі және оқу тәртібін бұзғаны үшін оқудан шығарылуы жастар ісі жөніндегі комитетпен келісілмейді;

11.6. тәртіптік жаза, сонымен қатар оқудан шығарылу, Колледж студентіне одан жазбаша түрінде түсініктеме алған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Білім алушының жазбаша түрде түсініктеме бермегені оған тәртіптік жаза шараларының қолданылуына кедергі етпейді. Әрбір тәртіпсіздікке тек бір ғана тәртіптік жаза шарасы қолданылады;

Әрбір тәртіптік жаза шарасы жөніндегі мәлімдеме білім алушының жеке ісіне енгізіледі.

11.7. тәртіптік жаза қолданылған кезде жасалған тәртіпсіздік пен жағдайдың ауыртпашылығы есепке алынады.

11.8. студенттерді ауырған жағдайда (құжатпен расталған кезде) академиялық демалыс кезінде оқудан шығару мүмкін емес;

11.9. колледж оқушыларын олардың құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасаған кездерінде оқудан шығару, ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес, Колледж Жарғысымен анықталады:

-студент Колледжден төмендегі жағдайларда оқудан шығарылады:

-өз еркімен, соның ішінде ауруы бойынша және басқа оқу орнына ауыстырылған кезде;

-академиялық үлгермеушілігі үшін сессия кезінде үш немесе одан да көп қанағаттанарлықсыз бағалар алған кезде, белгіленген уақыт ішінде академиялық қарызын өтемесе;

-оқуы толық қарыздарды өтеу негізінде болған жағдайда, келісім шарт шарттарын бұзған жағдайда;

-Колледж Жарғысында және осы Ережеде көрсетілген міндеттерді өрескел немесе бірнеше рет бұзғаны үшін;

-сот үкімімен заңды күшке енген қылмыстар жасалса, сондай-ақ студенттің Колледждегі атағын даттайтын басқа да құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасалса;

-медициналық қажеттілікке жатпайтын, есірткілік заттар қолданған болса;

-егер студент себепсіз жағдайлармен сабақ барысына ағымдағы жыл бойы немесе оқу жылының семестірінде қатыспаған болса, сабақ басталған кезден бастап күнтізбелік ай ішінде оқудан шығарылуы мүмкін.