жүктелуде...
соңғы жаңалықтар

Кітапхана

views
0

Маңғыстау техникалық  колледжі” кітапханасы

Колледж  кітапханасының  оқырмандар саны  391 ,  кітап қоры 14615 дана оқулық  бар.

Кітап қоры туралы  мәліметтер:

  • жалпы білім беру  пәндері – 5422  дана

(соның ішінде қазақ тілінде 4890 дана , орыс тілінде 538 дана)

 

  • арнайы пән оқулықтары – 5368  дана

(соның ішінде қазақ тілінде 2662 дана, орыс тілінде 2706 дана)

 

  • оқу әдістемелік  құралдар – 1280  дана

(соның ішінде қазақ тілінде 945 дана, орыс тілінде 335 дана)

 

  • көркем әдебиеттер – 2424 дана

(соның ішінде қазақ тілінде 1402 дана, орыс тілінде 1062 дана)

 

  • электрондық оқулықтар – 81 дана

(соның ішінде қазақ тілінде 26 дана, орыс тілінде 55 дана)

   Кітапханада мамандықтарға  байланысты  плакаттар, карталар және  брошулалар  бар.       Кітапхана   қоры   жалпы   білім   беру  пәні  бойынша   жаңартылды  және электрондық  оқулықтармен  толықтырылды.  Кітапхана қорында сонымен  қатар  автоэлектр, автомеханика, денекерлеу ісі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, экономика мамандықтары бойынша басылымдармен толық қамтамасыз  етілген. Студенттер іске асырылатын білім беру бағдарламаларының бейіні бойынша ресми басылымдарды, ғылыми, ғылыми-танымал және қоғамдық-саяси мерзімді басылымдарды, анықтамалық-библиографиялық басылымдарды, ғылыми әдебиеттерді, ақпараттық деректер базаларын қамтитын қосымша әдебиеттермен толық қамтамасыз етілген.

  Кітапхананың 

абонементтік бөлімі, оқу залы бар. Кітапхананың жалпы ауданы 69,1 м2, оның ішінде оқу залы -36,4 ш. м., абонементтік зал – 31,6 ш.м.

       Кітапхана жұмысы ақпараттық әлеуетті арттыруға және оқырмандардың ақпараттық ресурстарға барынша қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы екі міндеттерге сәйкес екі жұмыс кешені бөлінеді: қорды қалыптастыру және оқырмандармен жұмыс. Кітапхананың материалдық техникалық қамсыздандырылу, соның ішінде колледж кітапханасының абонементтік бөлімі, оқу залы бар. Электронды ақпарттық оқу залы ноутбукпен жабдықталған, Оқырманның талап-тілектреіне , интелектуалды сұраныстарна сәйкес  сапалы да нәтижелі ақпаратпен қамтамасыз етіп , қызмет көрсетуде.

 

 

 

 

      Ай сайын кітапхана жылдық  жоспар бойынша  ғылыми және көркем әдебиеттің тақырыптық көрмесін өткізеді, колледждің іс-шараларын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, колледждің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізеді.

 Кітапханада өткізілетін шаралар туралы

        Оқу жылы оқырмандар мен студенттерге «Қазақ тілі ұлттық байлығым » туралы тақырыптағы баяндама оқу мен басталады. Тілдер мерекесі қарсаңында  «Тіл тағдыры ел тағдыры» және «Заманымыздың заңғар тұлғасы» Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай  поэзия кеші өтті және кітап көрмесіне шолу жасалады. Елбасының халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында «Елбасы жолдауларын насихаттау» тақырыбына кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Тұңғыш Президент күніне арналған «Тұғыры биік тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, Салауатты өмір салтын насихаттауда «Салауатты өмір салты атты шара өткізіліп, тақырыптық сөре ұйымдастырылды , «Кітап – сарқылмас рухани қазына» тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Әртүрлі айтулы даталарға байланысты көптеген шаралар өткізіліп отырылады.    «Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл», «Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл», «Поэзия әлемнің қыраны тақырыбында М.Мақатаевтың» поэзия кеші,  «Жеңістің тойы-баршаның тойы» жеңіс күніне арналған тыл ардагерімен кездесу,31-мамыр саяси қуған сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған бейне ролик «Жазықсыз жапа шеккендер»т.б. тақырыптардағы жоспарға сәйкес жүргізілген  насихат жұмыстарын атауға болады.