Loading...
соңғы жаңалықтар
құттықтау

Маңғыстау техникалық колледжінде бітіруші түлектерды құттықтау Zoom мен бейнеконференция түрінде өтті

views
1

Бүгін Маңғыстау техникалық колледжінде бітіруші түлектерды құттықтау Zoom мен бейнеконференция түрінде өтті. Оған орынбасарлар, оқытушылар, ата- аналар,студенттер қатысты. Жас мамандарды басшының м. а. Б. Г. Шанкенова құттықтап,жастарға сәттілік тіледі. Биыл колледжді 108 студент бітіріп шықты. Оның ішінде студент Көшербаев Елдос Базарбекұлы үздік бітіруші. Студенттердің арасында “Автоэлектрик” мамандығының алғашқы түлектеріде бар.Ата-аналар комитетінен К. Атабаевна бітірушілерді диплом алуымен құттықтап, оқытушыларға ризашылығын айтты. Студенттер атынан Р. Сисенбаев сөз алып, қатысушыларды құттықтап, оқытушыларға, кураторы Қ. Сатайқызына ерекше алғысын жеткізді. Сәт сапар, түлектер! Армандарыңыз орындалсын! Елімізді өркендетуге үлес қоса беріңіздер!

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған