жүктелуде...
соңғы жаңалықтар
жаңалықтар

Нұр – Сұлтан қаласында өткен «Worldskills Kazakhstan» V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында Маңғыстау облысының намысын қорғап, чемпионатта жеңімпаз, «Үздік маман» атанған студенттерді және 45 – ші әлемдік чемпионаты аясында жас кəсіби шеберлер арасында өткен «Juniorskills Kazan 2019» чемпионатының «Күміс медаль» иегері Жаңаөзен қызмет көрсету жəне жаңа технологиялар колледжінің студенті Тұрар Ердаулетті Маңғыстау облысы əкімінің орынбасары Қ.Жұмашев қабылдап, жеткен жетістіктерімен құттықтады

views
0

2019 жылғы 22 қараша күні 11 – 15 қараша аралығында Нұр – Сұлтан қаласында өткен «Worldskills Kazakhstan» V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында Маңғыстау облысының намысын қорғап, чемпионатта жеңімпаз, «Үздік маман» атанған студенттерді және 45 – ші әлемдік чемпионаты аясында жас кəсіби шеберлер арасында өткен «Juniorskills Kazan 2019» чемпионатының «Күміс медаль» иегері Жаңаөзен қызмет көрсету жəне жаңа технологиялар колледжінің студенті Тұрар Ердаулетті Маңғыстау облысы əкімінің орынбасары Қ.Жұмашев қабылдап, жеткен жетістіктерімен құттықтады. Шара барысында чемпионатқа кəсіби маман даярлап, жоғары нəтиже көрсеткені үшін колледж директорлары, сарапшылар, Маңғыстау облысы бойынша техникалық делегаты және ассистенті Маңғыстау облысы əкімі орынбасарының алғыс хатына ие болды. Сонымен қатар студенттер, ата-аналары жəне педагог-психолог Мусрепова Хадича Культасовна Маңғыстау облысы білім басқармасының Алғысымен марапатталды. Студенттерге демеушілік көрсетіп «ForteBank» АҚ филиалының басшысы Өрісбаев Аббат Жəңгірханұлы мен «Mediana Services Limited» ЖШС басшысы Бекназарова Карлыгаш Абатбаевна Sulpak подарочный картасын табыстады. Марапаттарыңыз құтты болсын! Алар асуларыңыз көп болсын! Жүлдегерлер «EuroSkills Graz 2020», «WorldSkills Asia Abu – Dhabi 2020» чемпионаттарына және 2021 жылы Шанхайда 46 – шы әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндіктері бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *