Loading...
соңғы жаңалықтар
жаңалықтар

«Оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық шеберлікті дамыту негізінде болашақ маманды сапалы даярлау» тақырыбындағы облыстық семинар- практикум өтті

views
0

Колледжде  20 ақпан күні «Оқу-тәрбие  үдерісінде   педагогикалық   шеберлікті   дамыту негізінде болашақ  маманды сапалы даярлау» тақырыбындағы  облыстық   семинар- практикум өтті.  Мақсаты -болашақ мамандардың  кәсіптік   дағдылары мен шеберлігін қалыптастыру жолдарын көрсету, сабақтан тыс оқу- тәрбие үдерісінің мәнін  практикалық тұрғыдан ашу, оқытушы мен білім алушы арасындағы  қарым -қатынас   түрлерін меңгерте отырып, іске асыруды үйрету, білікті мамандармен тәжірибе алмасу және   талқылау.ДТЖО Б.Шанкенова  семинарды ашып, жоспармен таныстырды. Директор міндетін атқарушы  Б.Аманиязов  «Орта кәсіптік оқу орындарында білім алушылардың  бойына рухани-адамгершілік  құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқыды.           Семинардың  тәжірибелік  бөлімінде    оқытушы   Н.Тәжиева  «Айрақты этно- медициналық   шипажайы»,«Бизнес жоспар жоспарлаудың  бір түрі» шеберлік сабағын Ж.Утарбаева «Металдар технологиясы» пәнінен  оқытушы   Ондағанова Қ  «Полимерлер мен пластмассалардың  қасиеттері, маңызы» панорамалық сабақ,теориялық  бөлімінде  «Автомобильдің  құрылымы» пәнінен  кіріктірілген сабақты оқытушылар  А.Қалдығұл мен Е.Билалов  өткізді.

 Оқытушылар Ж.Жанбуршиев,М.Қожақов,А.Қалымова,А.Аманиязова ұйымдастырған  «Ұлы даланың  жеті қыры – руханиятымыздың   мызғымас бөлшегі» пресс-конференция  мақсаты- жастарға рухани адамгершілік тәрбие  беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, насихаттау, қазақ халықының салт -дәстүрін,  тарихын, өнерін ұлықтау. Пресс -конференцияға    құсбегі Айшуақ Тайманов, қолөнер шебері  Шархат Төлемісова, Сегізбай Әнесов  өлке тарихын зерттеуші, Данагүл Алиева   журналист  қатысты.Қатысушылар   руханият,ұлттық  өнер, құндылықтар, өлке тарихы туралы әңгіме өрбітті. Пресс – конференцияны   директор міндетін атқарушы Берік Болатұлы қортындылап,  қатысушыларды  алғыс хатпен марапаттады.Семинардың қортынды бөлімінде  жоспар бойынша өткізілген   сабақтар  талқыланды. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған