Loading...
соңғы жаңалықтар

Цех ережелері

views
1

ӨРТ  ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

Өрт сөндіргіш затқа – су, ертінділер, ұнтақ қоспалар, эмульсиялар, инертті газдар, көмір қышқыл газы, көбік, құм жатады. Бұл заттардың қолданылуына қарай төмендегі топтарға жіктеледі: 
           – Өрт ошағын суытушалар (су, ертінділер, ұнтақтар, қатты көмір қышқыл газы); 
           – Сұйылтқыштар, яғни жану ошағындағы оттек мөлшерін азайтушылар (газдар, су буы);
           – Ингибитрлар, яғни химиялық реакцияны бәсеңдетушілер (галогенді сутекті құрамдар)
            Өрт сөндіргіш заттар сонымен қатар токсикологиялық, аз токсикологиялық, токсикологиялық еместер болып жіктеледі.

Адамға оңай табылатын, өрт ошағына оңай тасымалданатын, токсикологиялық еместігі суды негі өрт сөндіргіш ретінде қолданылады. 
            Өрт сөндіргіш қондырғыларына төмендегілер жатады: 
1. Өрт сөндіргіш машиналары; 
2. Көбік генараторлары (ПГ-30, ГПС-200, ГВП-600); 
3. Өрт сөндіргіштер (қолмен қолданылатын және жылжымалы); 
4. стационарлы ауа көбікті, автоматты және жартылай автоматты қондырғылар, өрт насостары; 
5. Өрт сатылары. 
  Өрт сөндіргіштердің қасиеттеріне қарай өрт сөндіргіштерді химиялық көбікті (ОХП-10), ауа қоспалы (ОВП-5, ОВП-10, ОСП-4), көмір қышқыл газды (ОУ-1, 2, 3, 5, 6, 8), көмір қышқыл бром этилді ( ОУВ-3, ОУВ-7), ұнтақты (ОП-1, ОПС-6, ОПС-10, ОППС-100), аирозольды (АО-1, АО-2), хлоданды (ОБХ-3).

 Өрт шыққан жағдайда оқытушының және лабараториялық қызметкерлердің іс-қимылы

 Өрттерден мерт болған адамдардың саны, автокөлік транспортында да қайтыс болғандар санынан екінші орынды алады, мұның негізгі себептерінің біреуі адам өрт хаупы туғанда стресс салдарынан логикалық ойлау қаблетінің төмендеуі өзін аман сақтау инстинкті бойынша әрекет етуі.

Өрт кезінде адамның мінез құлқы көптеген факторларға байланысты болады.

Біріншіден, өртті байқаған кездегі өрттің жайылу интенсивтілігіне жақындағандағы түтіннің жинақталуы, шығатын жолдардың түтінмен толтырылуы.         

 Екіншіден, бөлмедегі адам санына, адамдардағы қорқыныш эффектілігінен өте үлкен зиян болады. Әсіресе эвакуация жасау қиындалған немесе болмаған жағдайда. Естері шыққан адамдар жол бермей, бір-бірін таптауға барады, ал кейде жарақат сол соқтығысудан алынады, тіпті өлімге себеп болады.

 

 Сондықтан оқытушы қауіпсіздік ережелері бақылаулары арасында оқушыларды өрт болған жағдайда қорықпай, саспай оқытушылардың нұсқауларына құлақ салып, оның айтқандарын мүлтіксіз орындау қажет екенін үнемі қайталау керек.

            Өрттің сипаттамалары 
1.Жарқ ету температурасы;
2. тұтану температурасы; 
3. Өздігінен тұтану температурасы; 
4. Жалынның таралуының концентрациялық шектері. 
    

 

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:

1) жалпы;

2)  жұмыс істеу  кезінде

3) авариялық жағдайларда жағдайлардағы,

4) жұмысты  аяқтағанда

 

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге  тыйым салынады.

Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.

Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

 

 Жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын  қауіпсіздік талаптары

         Электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың,  корпустардың бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.  

 

Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

Жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар  пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға  хабарлау керек.

Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.

Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.

Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.

Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.