Loading...
соңғы жаңалықтар

Вакансия

views
3

Маңғыстау техникалық  колледжі  “Дәнекерлеу ісі” бойынша 1бірлік өндірістік оқу шебері қызметіне конкурс жариялайды

     Лауазымдық міндеттері: Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды, кәсіпорындарда кәсіптік тәжірибені ұйымдастырады және білім алушылардың тәрбие жұмысын өткізеді және олардың топтарда орындалуын қамтамасыз етеді. Сабақтарға құрал-саймандар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді. Білім алушыларды еңбек қауіпсіздігін сақтауды, жұмыстарды орындаудың, жабдықтарды пайдалану мен қызмет көрсетудің, еңбек ұйымдарының озат нысандарын, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсаудың тиімді тәсілдері мен амалдарына үйретеді. 
       Оқу (өндірістік) практикасын өткізу жөнінде әлеуметтік серіктестіктермен жұмысқа қатысады. Білім алушыларды білікті жұмыстарды орындауға және біліктілік емтиханын тапсыруға дайындайды. Өндірістік оқытуды және кәсіптік тәжірибені жоспарлау, есепке алу және есеп беру, топта тәрбие жұмысын жоспарлау, есепке алу және есеп беру жөніндегі құжаттамаларды жүргізеді. Оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақытында қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады. Технологиялық құжаттамаларды, сызбаларды, нобайларды, эталондарды дайындайды. 
       Оқу процесінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, озат педагогикалық және өндірістік тәжірибелерді қолданады. 
       Білім алушылардың еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізеді. Әдістемелік комиссия, бірлестіктердің жұмысына қатысады. 

        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының “Білім туралы” , “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы” заңдарын және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; өндірістік оқыту бойынша оқу бағдарламаларын; өндіріс технологиясын, жабдықтарын, оларды техникалық пайдалану техникасы мен ережесін; педагогика, психология, білім алушыларды кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелерінің негіздерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелерін. 

Біліктілікке қойылатын талаптар:
   Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі орта буын маманы біліктілігімен және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Еңбек ақы  мөлшері 46543  теңге .Өтініштер    10 мамырға    дейін қабылданады.

Жұмысқа ниет білдірушілер   төмендегі қүжаттарды тапсырады:

1)  Жұмысқа  қабылдау туралы еркін нысандағы  өтініш

2) БІлімі туралы құжаттың түпнұсқасы,  нотариалды расталған 

3) 3х4  көлеміндегі  4 дана фотосурет

 4)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  міндетін атқарушының  2010 жылғы   23 қарашадағы  № 907 бұйрығымен бекітілген  ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу  тізімінде №6697 болып тіркелеген )  флюросуреті қоса берілген   086 –У нысанындағы медициналық анықтама (1 және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық – әлеуметтік сараптаманың  қортындысы )

5) Жеке басын куәландыратын құжат

6)  Кадр жөніндегі  іс парақ

7)  Мекен жай   анықтамасы

8) Сотталғандығы   немесе  сотталмағандығы   туралы  анықтама  тұпнұсқасы

9) Еңбек кітапшасы

10) Өмірбаян

                                                Мекен – жайымыз:

Маңғыстау ауданы, Шетпе -1 селосы, Т.Ерниязов көшесі тел,

факс  8(72931)2-31-79,2 -31- 44.   эл.почта:  gkkp_ mtk @ mail.ru

 

 

Жарияланды 23.05.2019

_________________________________________________________________________________________________________________________

Маңғыстау техникалық  колледжі  музыкалық жетекші қызметіне    конкурс жариялайды

Лауазымдық міндеттері:  Мемлекеттік  стандартқа  сәйкес музыкалық тәрбиелеу мен эстетикалық дамуды жүзеге асырады. Музыка аспаптарында ойнаудың техникасын шебер меңгерген. Музыка бойынша үйірмелерді,  мерекелік және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді,дарынды студенттерді  таңдайды.. 
 Студенттермен жұмыс істеуге алдыңғы қатарлы озық тәжірибиелерді енгізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарды және басқа нормативтік құқықтық актілерді,тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, музыкалық аспаптарда шебер ойнау, еңбек заңнамаларының негізін; еңбекті қорғаудың нормасы мен ережесін, техникалық қауіпсіздікті, өртке қарсы қорғанысты.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары кәсіптік   (музыкалық, музыкалық-педагогикалық) білім;
Еңбек ақы  мөлшері  71053  теңге .Өтініштер   24  қаңтарға  дейін қабылданады.

Жұмысқа ниет білдірушілер   төмендегі қүжаттарды тапсырады:

 

1)  Жұмысқа  қабылдау туралы еркін нысандағы  өтініш

2) БІлімі туралы құжаттың түпнұсқасы,  нотариалды расталған 

3) 3х4  көлеміндегі  4 дана фотосурет

 4)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  міндетін атқарушының  2010 жылғы   23 қарашадағы  № 907 бұйрығымен бекітілген  ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу  тізімінде №6697 болып тіркелеген )  флюросуреті қоса берілген   086 –У нысанындағы медициналық анықтама (1 және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық – әлеуметтік сараптаманың  қортындысы )

5) Жеке басын куәландыратын құжат

6)  Кадр жөніндегі  іс парақ

7)  Мекен жай   анықтамасы

8) Сотталғандығы   немесе  сотталмағандығы   туралы  анықтама  тұпнұсқасы

9) Еңбек кітапшасы

10) Өмірбаян

                                                Мекен – жайымыз:

Маңғыстау ауданы, Шетпе -1 селосы, Т.Ерниязов көшесітел,

факс  8(72931)2-31-79,2 -31- 44.   эл.почта:  gkkp- mtk @ mail.ru