Loading...
соңғы жаңалықтар

Жаңалықтар

views
2
  • Мұғалімдер күніне орай  студенттер  мұғалімдерін құттықтап, бейнеролик дайындады.  Оқытушы ұстаздар арасында волейболдан жарыс өтті.

  •    «Ұстазым-ұлағатым» мерекелік шарасының  мақсаты-мұғалімдерді құрметтеу, мерекемен құттықтау, оқушының  үстазға деген ықыласын жеткізу. Іс шарада директор орынбасары Е.Билаловтың құттықтауынан  кейін,    оқытушылар  П.Жакупова,  М.Қожақов, Б.Ыбраев колледж Құрмет грамотасымен   марапатталды.  Студенттер концерттік бағдарлама дайындап, көтеріңкі көңіл силады.

05 қазанда оқытушылар мен студенттер Елбасының «Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауын тікелей эфирден тыңдады.

  • 05 қазанда  оқытушылар мен студенттер  Елбасының  «Қазақстандықтардың  әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауын тікелей эфирден тыңдады.

  • 24 қазан  күні колледж  ұжымы мен студенттермен ҚР  Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Астана қаласы бойынша жұртшылықпен байланыс  жөніндегі департамент директоры   А.Бердалин, республикалық мониторинг топ мүшесі«Халықаралық  шеберлер академиясы » қоғамдық қорының  Президенті, «Алтын сапа» Президент  сыйлығының   лауреаты,«Даңқ» орденінің  кавалері  Ырза Тұрсынзадақызы  кездесті.  Жиын Елбасының жолдауындағы негізгі  басымдықтары «Рухани  жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерісті өзіңнен баста» кіші бағдарламасының  жүзеге асуы жөнінде болды. Студенттер   өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді. Жиында ұлттық  тәрбие, рухани байлық   жөнінде ойлар айтылды.

  • ___________________________________________________

  •     «Болашақ механиктер» колледж жастарынан құралған команда аудандық Жайдарман ойынында финалдық ойынға жолдама алды.Жетекшісі С.Тілекбаев

  • ___________________________________________________

  •    02  қараша  күні  студенттерден  құралған  «Шерқала»командасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті   қалыптастыру жобасы аясында  ұйымдастырылған  «Данышпан  -2018» зияткерлік  ойынында   «Үздік капитан» номинациясы бойынша  Түржан Дара дипломмен , команда ойынға белсене  қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

  • _____________________________________________________

  •     02  қараша  күні қараша  күні  Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы Маңғыстау облыстық білім басқармасымен  бірлесіп «WorIdskills  International» халықаралық  қозғалысы  стандарттарымен  техникалық   және кәсіптік орта білім беру жүйесіне енгізу тәжірибесі» тақырыбындағы республикалық  семинар практикум өткізілді.  Секция отырысында негізгі  түйін «Халықаралық International »чемпионатына дайындалу аясында  CLIL  әдістемесі негізінде  кәсіби ағылшын тілін үйрену» арнаулы пән  оқытушысы  Ақмолдиев Асылбек Асқарұлы,  экономика пәні оқытушысы Утарбаева Жанар Асқарқызы  кәсіпкерлік  негіздері бойынша жоба дайындап, шеберлік сыныбын өткізді.

  • _______________________________________

  • Студенттер аудандық жастар ресурс орталығы еріктілер тобының ұйымдастырған іс шараларға белсене қатысады.

  •  
  •     25   қазанда колледж ұжымы,студенттермен  ҚР Мемлекеттік  қызмет  істері   және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Астана қаласы бойынша жұртшылықпен байланыс  жөніндегі департамент директоры А.Бердалин, республикалық мониторинг  тобының  мүшесі, «Халықаралық шеберлер академиясы»  қоғамдық қорының  Президенті, «Алтын сапа» Президент сыйлығының лауреаты  Ырза Тұрсынзадақызы  кездесті. Жиын Елбасының жолдауының  негізгі  басымдықтары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерісті өзіңнен баста» кіші бағдарламасының   жүзеге асуы жөнінде болды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді. Жиында ұлттық  тәрбие,рухани байлық жөнінде ойлар айтылды.

  •      31 қазанда   колледж жастарынан  құралған «Болашақ  механиктер» командасы Маңғыстау аудандық  Жайдарман ойындарында  финалға жолдама алды. Жетекшісі   С.Тілекбаев.

  •  
  •    02  қараша  күні  ҚР  Білім және ғылым министрлігі , «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық  емес  акционерлік қоғамы,Маңғыстау облысының білім басқармасымен бірлесіп, WorIdskiIIS InternationaI халықаралық  қозғалысы  стандарттарын  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне енгізу  тәжірибесі » тақырыбындағы республикалық   семинар- практикум өткізілді.Семинар отырысында Негізгі  түйін  «Халықаралық  WorIdskiIIS InternationaI чемпионатын дайындау аясындa CLIL (КЛИЛ ) әдістемесі негізінде кәсіби ағылшын тілін ұйрену»  арнайы  пән оқытушысы  Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ  штаттан тыс тренері Ақмолдиев Асылбек  Асқарұлы шеберлік сыныбын көрсетті. Экономика пәннінің   оқытушысы  Утарбаева Жанар Асқарқызы  кәсіпкерлік негіздері бойынша жоба дайындап,  шеберлік сабағын көрсетті. 

  •  
  •   02 қараша  күні  колледж жастарынан құралған «Шерқала» командасы   сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ұйымдастырған  «Данышпан-2018 » сайысына белсене қатысқаны ұшін  алғыс хатпен  марапатталып, студент Д.Тұржан «Үздік капитан» атанды.

  •  
  •     Маңғыстау аудандық  аурухана  эпидемилог дәрігері   Г.Нүрлаш студенттерге тұмаудың алдын жөнінде кеңес беріп, брошюлара таратты. 

  •  
  • 13  қарашада    аудандық емхана  эпидемиолог дәрігері Ә.Сағындықова  «Есірткісіз болашақ» тақырыбында дәріс оқыды.Видеоролик көрсетілді.   СӨСҚО психологы  И.Мендіқұлова  студенттерге сауалнама жүргізді. Іс  шараның – мақсаты зиянды заттардан сақтандыру,салауаты өмір салтын насихаттау.

  •    16 қарашада Халықаралық  студенттер күніне   волейболдан  колледжішілік   жарыс өтті. Жарыс қортындысында   АЭ-03-18   1  орын, СП-09-16 тобы   2 орынды, ДІ – 01-18 тобы  3  орынды иеленді.   

  •  
  • 16 қарашада 17- Халықаралық  студенттер күніне    іс-шарада  ДТЖО  Б.Шанкенова  1 курс студенттеріне сынақ  кітапшасы мен студенттік билетті салтанатты түрде тапсырды.Маңғыстау аудандық  жастар  ресурстық орталығы директоры   А.Қонарбаев   10 белсенді студентке  мақтау қағазы, сыйлықтармен   марапаттады.

  •  
  • 16  қарашада Маңғыстау аудандық  төтенше жағдайлар бөлімінің инженері  Р.А.Наурызов төтенше жағдайда  студенттерге   эвакуация жасау жолдарын көрсетті. Мақсат – қауіпті жағдай туындағанда  әрекет ету,  қорғану жолдарына дағдыландыру.  Рахымжан  Ақкөлұлы    төтенше жағдайлардағы  халықтың  көп шоғырланған  жерлерде қалай қауіпсіз  аймаққа  көшу  туралы түсінік берді.

  • 20  қараша    колледж инспекторы Ж.Жұбаназаров студенттермен кездесу өткізді.Мақсат –  құқық бұзушылықтың алдын алу,құқықтық сауаттылықты арттыру.

  •  
  • 21 қарашада  Маңғыстау аудандық қорғаныс істері бөлімінің   қызметкері Н.Шегебаев   жастарды әскери оқу орнына  оқуға шақырып,  үгіт жұмыстарын жүргізді.

  •  
  •    Студенттермен Маңғыстау аудандық жұқпалы аурулар бөлімінің  мейірбикесі  С.Жанбуршина кездесті. Мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау,  жұқпалы аурулардың  алдын алу жөнінде түсінік беру.

  •  
  •   «Интернетке тәуелдісің  бе?» осы тақырыпта   22 қарашада АЭ  топтары арасында  дөңгелек үстел өтті. Мақсаты  – интернеттің  жағымсыз, жағымды  жақтарын тұсіндіру, оның жастардың  психологиясына әсері туралы  әңгімелесу,одан сақтандыру жолдарын үйрету.«Парасат» тобы интернеттің  пайдалығын  дәлелдеуге тырысса, «Ақиқат» тобы әлеуметтік желіні жоққа шығарушы  ретінде пікір таластырды.

  •  
  •    1-8 желтоқсанда   Астана  қаасында  өтетін  «WorIdskiIIs  Kazakhstan- 2018» Республикалық  чемпионатына  дәнекереу ісі  құзыреттілігі бойынша  

  • ДІ-10-17  тобының  студенті   Чонекбаев Мирас  Дәулетұлы  қатысады, жетекшісі  өндірістік  оқу шебері    Жылқышиев  Алқамбек   Оңбергенұлы.Қазір  студент Ақтау тренинг  орталығында   шеберлігін шыңдап  жатыр.   Сәттілік тілейміз!