Loading...
соңғы жаңалықтар
Колледж

2021 жылы 21 қаңтар күні Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу –әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, оларды сараптамадан өткізу және басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын түсіндіру мақсатында облыстық әдістемелік семинар өткізілді.

Семинарға колледж басшыларының орынбасарлары, инженер – педагогтар, барлығы 185 адам қатысты.
Семинарда қаралған мәселелер:
1. «Оқу-әдістемелік құралдардың шығарылуын бақылау» (Маңғыстау облыстық ТжКББ оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі Айткожина Қарлыгаш Казбековна);
2. 0803000 Р- «Компрессорлық стансалар мен жер асты құбырларының электр жүйесін жөндеу және қызмет көрсету» мамандығы бойынша «Электр жабдықтарын жөндеуші және қызмет көрсетуші электромонтер» біліктілігі бойынша республикалық оқу әдістемелік бірлестігінде бекітілген әдістемелік ұсынымды жасау үлгісі (Маңғыстау индустриалдық техникалық колледжінің ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Якубова Даметкен Курмангалиевна);
3. 1305000 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Модуль: КМ08 «электронды және баспа өнімдерінің макеттерін әзірлеу» тоқырыбында оқу – әдістемелік кабинетінде бекітілген оқу-әдістемелік кешен туралы (Маңғыстау индустриалдық техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Исағалиева Зульфия Асхатқызы);
4. «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу әдістемесі» тақырыбында (Маңғыстау облыстық ТжКББ оқу-әдістемелі кабинетінің әдіскері Толеубаева Айша Бакытжановна);
5. «WorldSkills стандарттарына сәйкес әдістемелік құралдар жасау» (Маңғыстау облыстық ТжКББ оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары Джантекеева Кабира Кадырбековна).
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Тілді өзгерту