Loading...
соңғы жаңалықтар
жаңалықтарКолледжХабарландыру

«Жас маман» бағдарламасы аясында Маңғыстау техникалық колледжінде «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша Құзыреттілік орталықтарының салтанатты ашылу шарасы өтті.

Бүгін «Жас маман» бағдарламасы аясында Маңғыстау техникалық колледжінде «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша Құзыреттілік орталықтарының салтанатты ашылу шарасы өтті.
Шараға Мәслихат депутаттары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, білім басқармасының, серіктес мекемелердің өкілдері, Маңғыстау аудандық ішкі саясат және жастар орталығы, білім бөлімі, бұқаралық ақпарат құрал өкілдері және де Маңғыстау облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орыны директорлары, орынбасарлары және басқа да қонақтар қатысты. Маңғыстау ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанбибі Тұрарбекқызы Молдашова, Маңғыстау облысының білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім бөлімі бас маманы Талғат Төремұратұлы Утебаев, ардагер ұстаз Жұмағұл Селбаев, әлеуметтік серіктес «Маңғыстау жылу, су» мекемесі директор Талғат Қорғанбайұлы Ерманов, колледж басшы м.а. Б.Шанкенова құттықтау сөз сөйледі.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының 2022 жылдың қаңтар айындағы жолдауында: «Өндіріске, сапалы жұмыс орындарын құруға, ғылым мен білімге құйылған инвестиция өз жемісін беретіні сөзсіз. Сонымен айналысу керек. Мәселен білікті кадрлардың, әсіресе техникалық мамандықтардың жетіспейтінін айтып шағымданудың орнына, неге ірі кәсіпорындар колледждерге қамқорлық жасап, олардың қамқоршылық кеңестеріне кіріп, жастарды тәжірибеге енгізіп, олардың зертханалары мен шеберханаларын жабдықтамасқа. Мен жеке корпорациялардың бұл бағытта жасап жатқанын білемін, бірақ бұл кәсіпкерлікті жолға қою керек» деген болатын. Кәсіпорындардың колледждерді шефтік қамқорлыққа алу тәжірибесін дамытып, дуалды білім беруді кеңейту көзделіп отыр. Осы орайда «Маңғыстау техникалық колледжі» мен серіктес мекеме «Ниязбек Строй Сервис» ЖШС директоры Б.Ниязбеков, «Нурболат» ЖШС Н.Нұрбосынов пен колледж меморандумға отырды.
«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» құзыреттілік орталығы лентасын ардагер ұстаз Ж.Селбаев, Маңғыстау облысының білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім бөлімі бас маманы Т.Т.Утебаев «Дәнекерлеу ісі»құзіреттілік орталық лентасын әлеуметтік серіктес «Маңғыстау жылу,су» мекемесі директоры
Т.Қ.Ерманов қиды. Құзыреттілік орталық жұмысымен мамандар таныстырып, 11 шебер сынып пен құрал-жабдықтар көрсетілімі болды.Іс шараға шақырылған қонақтар шеберхана, оқу ғимаратымен танысты.
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Тілді өзгерту