Loading...
соңғы жаңалықтар
Колледж

«Адалдық дүкені» – тәрбие мекені.

 
Маңғыстау техникалық колледжінде «Адалдық дүкені» жұмыс жасайды. Мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті тауарларды алып, алынған тауардың ақшасын кассалық жәшікке қалдырады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында.
Мұндай жобаны жүзеге асыру жастардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр. Осылайша, бұл мекен студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға әсер ететін нысан болып табылады.
Жобаның мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және студент-жастарға өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру.
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сананы мен мәдениетті дамыту, сонымен қатар ішкі парасаттылықты, адалдықты тәрбиелеу және бір-бірімізге деген сенімді қалыптастыру .
«Адалдық дүкенінің» – студент-жастарымыз үшін тәрбие мекені болатынына сеніміміз мол.
 
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Тілді өзгерту