жүктелуде...
соңғы жаңалықтар
КолледжКолледж тарихы

АЙМАҚТАҒЫ АЛҒАШҚЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАҒАН ОҚУ ОРНЫ.

views
0
 
Облыста қара шаңырақ саналатын Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе селосындағы бұрынғы Ауылшаруашылығын механикаландыру училищесі кəзіргі Маңғыстау техникалық колледжінің іргетасы 1958 жылы құрылған. Алғашқы директоры Халкес Ахтанов. Алғаш рет бұл оқу орны Таушық ауылында іргетасы қаланған. Бұл кезде оқу орынға Ресейден, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінен жастар келіп білім алған. Училищеде бірінші рет облыста тракторист, механик, көлік жүргізушісі мамандықтары оқытылып, білім берген. Алғашқы ұстаздар Өмір Сағындықов, Жұмағұл Селбаев, Ылым Досмағанбетов, Бигелді Теміралиев сабақ берді. Алпыс жылдан астам тарихы бар білім ордасынан 14 мыңнан астам білікті студенттер бітіріп алыс және жақын шет елдерде еңбек нарығында жұмыс жасап келеді. Бүгінгі таңда аталмыш оқу орында мықты техникалық база, кітап қорына бай кітапхана, əсемделген акт залы, тарихы терең мұражай жұмыс істейді. 2008 жылдан бері аталмыш оқу орны атауы Маңғыстау техникалық колледжі болып жұмыс жасап келеді.
 
Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *