жүктелуде...
соңғы жаңалықтар
Сәттілік!Хабарландыру

АЛҒА, МЕРАС

views
0
АЛҒА, МЕРАС🇰🇿✊
Қазақстан Республикасының атынан әр өңірдің 5 студенті, оның ішінде Маңғыстау техникалық колледжінің 2021 жылғы түлегі, Мерас Чонекбаев а.ж. 22-26 қыркүйегінде Австрияның елінің Грац қаласында өтетін «EuroSkills Graz 2021» халықаралық чемпионатына «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша қатысады.
Қазіргі таңда Мерас «Гранд КА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс жасайды. Ол тамыз айында Алматы қаласында Дәнекерлеу орталығында және қыркүйек айында Ақтау қаласындағы тренинг орталығында арнайы мамандар көмегімен дайындықтан өтуде.
Мерас, «Worldskills Kazakstan»-2019 ұлттық чемпионатының және «Worldskills Uzbekistan»-2020 чемпионатының жеңімпазы.
Халықаралық чемпионатының басты талабы – қатысушылар мамандығының қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, ағылшын тілін білуі керек. Мерас ағылшын тілінен арнайы дайындығынан өтті.
Мерас – Қазақстан «Worldskills» ұлттық құрама командасының мүшесі. Мерасқа халықаралық чемпионатта сәттілік тілейміз. Жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз👏👏
Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *