жүктелуде...
соңғы жаңалықтар
Колледж

«Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында студент жастармен Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл ардагерлерімен кездесу болып өтті

views
0
Бүгін Маңғыстау техникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша «Қазақстан жастары» қоғамдық қоры «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында студент жастармен Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл ардагерлерімен кездесу болып өтті. Кездесуге ауданымыздың тыл ардагерлері: М.Берішбаев, И.Орынбаев, Е.Қаршығаев, Д.Шаңытбаева қатысты.
Кездесудің мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім қалыптастыру, Ұлы Отан соғысынд болған батыр бабамыздың ерлігі мен батырлығын насихаттау. Ұлы Отан соғысы және оған қатысқан қазақстандықтардың ерен еңбектерін дәріптеу. Өңіріміздегі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне және олардың отбасыларына құрмет көрсетуге тәрбиелеу және олардың ерліктерін жастар арасында насихаттау. Өз Отаның азаматы болуға тәрбиелеу. Кездесу соңында ардагерлерімізге ОФ “ОТКРОЙ СВОЕ СЕРДЦЕ және “Қазақ Хасан үміт сәулеті” қорының дайындаған сыйлықтары таратылды. Кездесуді тыл ардагері Итемген атамыз студенттерімізге өз батасын беріп аяқтады.
Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *