
3
2021 жылы 28 қыркүйек күні Хабар телеарнасында “БҮГІН” бағдарламасы “Қимылдаған қыр асады” тақырыбында 22 – 26 қыркүйегі аралығында Австрия Республикасының Грац қаласында “EuroSkills Graz 2021” еуропалық кәсіби шеберлік чемпионатының қатысушыларымен тікелей эфир өтті.

«EuroSkills Graz 2021» чемпионатының “Веб үлгілеу және әзірлеу” құзыреттілігі бойынша “Қола” медаль иегері Дина Афанасьева, «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігіне қатысушы Чонекбаев Мерас және «Шаштараз өнері» құзыреттілігіне қатысушы Тойшыбаева Айгерім қатысып чемпионат туралы, чемпионаттан алған әсерлері, мамандықтарының қыр-сыры туралы сұхбат берді.