
0
Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында колледжіміздің әдіскері Ж.Утарбаева “Тәуелсіздік сырлары” тақырыбында квест өткізді. Квест ойының мақсаты: студент жастарды тапқырлыққа, білімділікке, жүйріктілікке үйрету, ой шапшаңдығын, көсбасшылық қасиетін қалыптастырып, зеректігін арттыру. Еліміздің тәуелсіздігіне байланысты логикалық сұрақтар қойылып, жауаптар негізінде студенттеріміз тапқырлықпен ойынды сәтті аяқтады.