жүктелуде...
соңғы жаңалықтар
КолледжКолледж тарихы

Қажырлы еңбек-табыс кілті.

views
0
Қажырлы еңбек-табыс кілті.
Жаңбуршиев Жайық Жайлыұлы 1965 жылы 12 мамырда дүниеге келген. № 2 орта мектептен 8 сыныпты бітірген. 1980жылы №82 кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түсіп, 1983 жылы бітіреді. 1983 жылы оқу орнына өндірістік оқу шебері болып жұмысқа қабылданады. 1985 жылы әскерден келген соң өндірістен қол үзбей, Орал қаласына ауылшаруашылық институтына оқуға түседі.
2000 жылы Ш.Есенов атындағы университетті тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді. 1983 жылдан 2000 жылға дейін өндірістік оқу шебері, 2000 жылдан күні бүгінге дейін бастапқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы, ұйымдастырушысы қызметін абыроймен атқарып жүр.
Жайық Жайлыұлы студенттерді болашақ ел қорғаны болуға тәрбиелеуде. Ол студенттерге патриоттық тәрбие беруде көптеген шаралардың ұйытқысы бола білген. Үнемі ұжымда жастарға тәлімгер болып, қамқорлық көрсетіп жүреді. Отбасында қамқор әке, адал жар, үлгілі ата.
Марапаттары:
1997 жылы Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі ;
2013 жылы Маңғыстау облысына 40 жыл мерекелік медалі;
2014 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының Алғысы;
Маңғыстау ауданы әкімінің марапаттары;
Маңғыстау облысы білім басқармасының Құрмет граматасы;
Маңғыстау облысы білім басқармасының Алғысы;
Колледж директорының алғыстары;
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы;
 
Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *