жүктелуде...
соңғы жаңалықтар
Колледж

Чернобыль апаты – ортақ қасірет

views
1
Биыл Чернобыль атом электр станциясындағы ядролық апаттың орын алғанына – 35 жыл. Сол кезде батылдық жасап, бауырлас халыққа қол ұшын берген азаматтардың ерлігін жас ұрпақ мәңгі есте сақтауы керек. Осы мақсатта Маңғыстау техникалық колледжінде Чернобыль АЭС-ін залалсыздандыруға қатысқан Рүстем Күшікбаевпен кездесу өтті.
Жиында студенттер бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, қаншама адамның тәнін ғана емес, жүрегінде де жара қалдырған, адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль апатының тарихымен танысып, бейнеролик тамашалады. Тарих пәнінің оқытушысы П.Жакупова апатты залалсыздандыру үшін риясыз қызмет еткен азаматтардың ерлігі, тарихы жөнінде баяндама оқыды.Сондай-ақ жастар батыр ағаларына көкейдегі сауалдарын қойып, естелікке суретке түсті.Іс шараға соңында қонаққа естелік сыйлық тапсырылды.
Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *