жүктелуде...
соңғы жаңалықтар
Колледж

Чернобыль апаты – ортақ қасірет

views
0
Маңғыстау техникалық колледжінде Чернобыль АЭС-дағы ядролық апаттың 35 жылдығын және Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30жылдығына арналған «Чернобыль апаты – ортақ қасірет» тақырыбында апталық өтеді. Апталықтың мақсаты: Чернобыль апаты жайлы мағлұматтар беру, патриоттық сезімі жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, қасіреттің салдарынан қаза болған боздақтар рухына тағзым ету, олардың есімдерін құрметтеу, жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
1986 жылдың 26 сәуірінде Украинада Чернобыль атом электр станциясының төртінші электроблогында жарылыс болды. АЭС-тен радиусы 30 км жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. Радиоактивті түтін Еуропаның 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион адам зардап шекті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Көзге көрінбейтін бұл тажалды ауыздықтау үшін бүкіл Кеңес Одағына қараған республикалардың азаматтары қатысты. Өмір мен өлім арасында жүріп, көзге көрінбейтін қауіпті жау-атом реакциясын тұмшалау үшін мылтықсыз майданды бастан кешіргені шындық. Өздерін құрбан ете отырып Чернобыль апатының зардабын жоюға 800 мың адам, соның ішінде 30 мыңнан астам қазақстандықтар қатысты.
Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *