жүктелуде...
соңғы жаңалықтар
Колледж

ДЕПУТАТ КОЛЛЕДЖ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ. ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ОҚУ ОРНЫНДА БОЛДЫ.

views
0
ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ОҚУ ОРНЫНДА БОЛДЫ.
Кеше түстен кейін “Ауыл” ХДПП мүшесі, МО мəслихатының депутаты, ел жанашыры Айгүл Зинелгабинқызы Ескалиева жəне “Ауыл” ХДПП МОФ ның координаторы, президиум мүшесі А.Қонарбаев бастаған партия белсенділері Шетпедегі іргетасы 1958 жылы құрылған бұрынғы Ауыл шаруашылық механикаландыру училищесі кəзіргі Маңғыстау техникалық колледжінде жастар мен оқытушылар құрамымен кездесу өткізді. Кездесуге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Утарбаева жəне жас мамандары, колледж студенттері қатысты. Жиында А.Қонарбаев партияның сайлауалды бағдарламасы туралы қысқаша ақпарат беріп, одан соң МО мəслихатының депутаты, ел жанашыры Айгүл Зинелгабинқызы жастармен пікір алмасты. Жиын соңында студенттер түрлі сұрақтар қойып, тұщымды жауаптарын алды. Бұдан соң партия белсенділері колледж мұражайын аралап, тарихымен танысты.
 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *