
1
Бүгін колледжіміздің АТЖО А.Аманиязова және информатика пәнінің оқытушысы Н.Тәжиева Маңғыстау техникалық колледжінің оқытушыларының Маңғыстау ауданы мектептеріне 2022-2023 оқу жылына 9-11-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес Жармыш және Өтес орта мектептерінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келді. Мақсат-оқушыларға кәсіптік бағдар беру. Оқушыларға брошюралар таратылып, сұрақтарына жауап берілді.