жүктелуде...
соңғы жаңалықтар
жаңалықтарКолледжмарапаттауқұттықтау

Маңғыстау техникалық колледжінде 5 наурызда “Аналар-асыл жандар” мерекелік шарасы өтті.

views
0

Маңғыстау техникалық колледжінде 5 наурызда “Аналар-асыл жандар” мерекелік шарасы өтті. Іс шараны музыкалық жетекші Талғат Бүркітбаев жүргізді. Колледж басшысының м. а. Балжақсы Ғалымқызы ұжымдағы нәзік жандыларды құттықтап, бірқатар қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады. Марапатталған қызметкерлер:кіші қызметкерлер Ж. Отарбаева, С. Жалмағанбетова, оқытушылар Н. Тәжиева, Қ. Сақтағанова, Н. Избасарова, орынбасар Ж. Утарбаева, психолог А. Жылқышиева. Әдіскер Н. Аюповтың, колледждің 2012 жылғы түлектері Е. Жылқыбеков пен Ә. Әділхановтың орындауындағы әндер мерекенің көркін аша түсті. Т. Бүркітбаевтың орындауындағы “Қазақ қыздары”,” Сұлуым”,”Анама” әндері қыз келіншектерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Ұжымдағы ер азаматтар жылы лебіздерін, қүттықтауларын арнап, естелік сыйлықтарын тапсырды. Іс шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізген Талғат Жалғасұлына колледж басшының м.а Б. Шанкенова ризашылығын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *