Loading...
соңғы жаңалықтар
Хабарландыру

Маңғыстау техникалық колледжінде Маңғыстау аудандық кірстер басқармасының жетекші маманы Ә. Темірханов , бас маман С. Жұмабек, мамандар Е. Ұлықпанов, С. Алшын қызметкерлермен кездесті. Мақсат-е Salyq.Azamat бағдарламасы туралы түсінік жұмысын жүргізді

views
0

Бүгін Маңғыстау техникалық колледжінде Маңғыстау аудандық кірстер басқармасының жетекші маманы Ә. Темірханов , бас маман С. Жұмабек, мамандар Е. Ұлықпанов, С. Алшын қызметкерлермен кездесті. Мақсат-е Salyq.Azamat бағдарламасы туралы түсінік жұмысын жүргізу.Қазіргі кезде кез келген тұрғын үйден шықпай- ақ мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған​ «E-salyq Azamat», «E-Salyq Business» қосымшалары және​ «Salyq Bot» телеграмм чаты цифрлық өнімдер арқылы мемлекеттік қызметтерді сапалы және қолжетімді түрде ала алады. Салық басқармасына келіп кезек күтудің қажеті жоқ. Ол үшін өздерінің жеке смартфон телефондары арқылы жоғарыда айтылған қосымшаларды Play Market ,App Store арқылы тегін жүктеп алады.​ ​ ​ ​ ​ «E-salyq Azamat» қосымшасы барлық жеке тұлғаларға арналған, мұнда салық берешектерін қарауға және төлемдер жасауға болады. «E-Salyq Business» қосымшасы жеке кәсіпкерлерге арналған,бұл қосымша арқылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге болады, салық есептіліктерін тапсырып,берешектерін қарап,төлеуге болады. «Salyq Bot» телеграмм каналы арқылы салық және кеден заңнамасы туралы сұрақ қойып, тез арада жауап алуға мүмкіндік береді.Мамандар бағдарлама туралы толық қамтып айтып, сұрақтарға жауап берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Тілді өзгерту