Loading...
соңғы жаңалықтар
Колледж

Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевтың « Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген мақаласы колледж оқытушылары мен студенттері арасында қызу талқыға түсті

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевтың « Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген мақаласы колледж оқытушылары мен студенттері арасында қызу талқыға түсті. Онлайн платформада өткен жиналыста колледж басшысы м.у.а. А.Ержанов мақаламен таныстырып өтті. «Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым», «Қоғам мен құндылық», «Ұлағат пен ұстаным» атты төрт бөлімнен тұратын мақалада Президент қоғамдағы бір қатар мәселені көтерген. Мемлекет басшысы шекарамыздың толығымен айқындығын айтып, Қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейтіндігін шегелеп айтты. «Қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын» деп экология мәселесін көтерген, 1986 жылғы –Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы керек екенін тапсырды. Президент мақаласына қатысты оқытушылар да пікір білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Тілді өзгерту