
0
Маңғыстау техникалық колледжінде 2021-2022 оқу жылына мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Нұн Жұбаев атындағы мектептің 9-сынып оқушыларына “Ашық есік” күні өткізілді. Мақсаты-оқушыларға кәсіптік бағдар беру, колледждегі оқытылатын мамандықтармен таныстыру. Оқушылар колледж мұражайымен, шеберханамен, оқу кабинеттерімен танысып, бейнеролик көрді. Оқушылардың өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап берілді. #Үздіккәсібибағдарберуші. #кәсіптікбағдар#мтк




