жүктелуде...
соңғы жаңалықтар
Хабарландыру

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттауға арналған «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» тақырыбындағы республикалық лекториумның қатысушыларының бір тобы Маңғыстау техникалық колледжінде қонақта болды.

views
0

Бүгін, 17 қыркүйекте Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттауға арналған «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» тақырыбындағы республикалық лекториумның қатысушыларының бір тобы Маңғыстау техникалық колледжінде қонақта болды. Олар ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары – Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басқарма басшысы – Мәжитов Мақсат Бекболатұлы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары – Ерсейтова Хадиша Абдразаққызы, Маңғыстау облысы бойынша «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры – Джайылханова Амангүл Әбдіғалиқызы. Қонақтар студенттермен “Қазақтану” тақырыбында сұқбат құрды. Маңғыстау облысының білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы Ж. О. Сармурзина өз сөзінде қонақтарға алғысын жеткізіп,облыстың кәсіптік білім саласына шолу жасап, Маңғыстау техникалық колледжінің алдағы міндеттері мен мақсаты туралы қамтыды.Оқытушы А. Нұрнияз “Қазақтану” бойынша өз пікірін білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *