Loading...
соңғы жаңалықтар
жаңалықтарКолледж

“Отан қорғау-парызың” тақырыбымен патриоттық жиын өтті. Мақсаты-жастардың бойында патриоттық тәрбие беру, ұлтжанды, рухты ұрпақ тәрбиелеу. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутов жүргізіп отырды

views
0
Маңғыстау техникалық колледжінде “Отан қорғау-парызың” тақырыбымен патриоттық жиын өтті. Мақсаты-жастардың бойында патриоттық тәрбие беру, ұлтжанды, рухты ұрпақ тәрбиелеу.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутов жүргізіп отырды.Қатысушы қонақтар аудандық ардагерлер ұйымы төрағасы М. Жұбауов, еңбек ардагерлері Қ. Исаев, К. Сейтов, Т. Қалдығұл,
Германиядағы кеңес әскері тобы, Варшаба келісім шарт әскер тобы қоғамының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Т.Еңсегенов,осы қоғамның ауданымыздағы өкілі Бөкембаев Бауыржан, Маңғыстау аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Тұрым Ерболат Қарабайұлы. Қонақтар өз сөздерінде жастардың әскери борышты өтуіне, елін қорғап, міндетін адал орындауға шақырды. Қазіргі әскери бөлімнің жағдайы, оның талаптары туралы, жабдықталуы жөнінде қамтылды. Оқытушы Ж. Жанбуршиев әскерде болған кездерінен қысқаша хабарлады. Жастарға рух беретін жалынды сөздермен өткізілген жиын әсерлі өтті. Болашақта осы бағытта қоғамдық бірлестікпен бірге жүйелі жұмыстар жалғасын таба береді.
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Тілді өзгерту