6 наурызда «Пай ,пай қазақтың келіндері – ай» қызметкерлер арасында келіндер сайысы өтті. Таныстыру, өнер, ұршық иіру, сән ұлгісін көрсету бойынша 5 келін бақ сынасқан сайыста 1 орын оқытушы А.Адайбаева, 2 орынды кіші қызметкер С.Жанбозова, психолог А.Жылқышиева 3 орынды місе тұтты. Кітапханашы А.Айтұрова «Шебер келін» және оқытушы Ж.Отарбаева « Ибалы келін»номинациясымен марапатталды. Қатысушыларға және жеңімпаздарға демеушілер атынан сыйлықтар табыс етілді.